Архив событий

24/08/2015

Астана қаласының сотында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері семинар өткізді

24/08/2015

Астана қаласының сотында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз» атты тақырыпқа семинар сабағын өткізді.

Семинарды Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері өткізді.

Семинар жұмысына Астана қаласы соты кеңсесінің басшылары мен мамандары қатысты.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында құқық қолдану практикасы туралы семинар өтті

24/08/2015

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында астаналық соттың судьясы Қ.Айтжановтың қатысуымен семинар өтті.

Іс-шараның жүргізілуіне аудандық соттың судьялары У.Қошанов, Н.Баяхметов, Қ. Әлқожаев, А.Әмірғалиев қатысты.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті

24/08/2015

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Стройресурс Астана» ЖШС-ның «АЛПЕР-2013» ЖШС-на қатысты 1 852 680 теңге мөлшерінде берешек сомасын өндіріп алу туралы талап қою бойынша азаматтық іс қарады. Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітуге шешім қабылдады.  

«Сотта өкілдік ету» атты тақырыпқа семинар

24/08/2015

Астана қаласының Алматы аудандық сотында «Сотта өкілдік ету» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына сот төрағасы Ғ.Нәсірідінов, судьялар және мамандар қатысты.

«Әкімшілік сотқа материалдарды жіберу тәртібі» атты тақырыпқа семинар

24/08/2015

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру» ММ-да Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г.Жолдасбаеваның қатысуымен «Әкімшілік сотқа материалдарды жіберу тәртібі» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Экономикалық сотта ашық есік күні

24/08/2015

Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты азаматтардың құқықтық мәдениеттерін арттыру, сот төрелігіне қол жеткізу  мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шара барысында азаматтардың барлық сұрақтарына сот төрағасы Ақан Жұмағұлов ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексін түсіндіре отырып толық жауап берді.

Одан басқа, азаматтар үшін ғимарат ішінде экскурсия өткізілді, азаматтар сот отырысының залдарымен, кодификация, конференц-залдарымен танысты.