Архив событий

26/08/2015

Корпоративтік даулар бойынша соттылықты анықтау және корпоративтік дауларды шешу амалдары

26/08/2015

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Корпоративтік даулар бойынша соттылықты анықтау және корпоративтік дауларды шешу амалдары» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шараға сот төрағасы Жұмағұлов А.М., судьялар Ли Ж.М., Тұрғанбаев Т.А., «Медиацияны дамыту орталығы» ассоциациясының өкілі Ахметова Ж.Д., Ақмола облысы адвокаттар алқасының авдокаты  Жұмашев С.А. қатысты.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы

26/08/2015

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Кеңсе қызметкерлерінің қол жетімділігі, сыпайылығы, сот процесіне қатысушылармен жұмыс барысында мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы» атты тақырыпқа дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Істі соттың қарауына әзірлеу

26/08/2015

Есіл аудандық сотында «Істі соттың қарауына әзірлеу» атты тақырыпқа дәріс сабағы өтті.

Мақсаты сот төрелігін іске асырудың сапасын арттыру болып табылатын іс-шараға сот төрағасы Д.Әбдіғалиев және судьялар қатысты.

Аталған тақырып бойынша судья З.Жоламанова баяндамамен сөз сөйледі. Ол шешімнің заңдылығы және негізділігі істі соттың қарауына сапалы әзірлеуінен тәуелді екенін атап өтті.

Сот кәмелетке толмағанды басып кеткен сотталушыға үкім шығарды

26/08/2015

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты азамат Т-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта 2015 жылғы 30 мамырда сотталушы жер үйлер ауласында  «Газ 53» маркалы автомобилін басқарып келе жатып, бұрылу кезінде қозғалыстың қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, кәмелетке толмаған 2013 жылы туған Н-ды басып кеткен. 

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде алынған дене жарақаттарының нәтижесінде жәбірленуші қайтыс болды.

Сотта жауап алынған сотталушы тағылған кінәні толық мойындады.

Азаматтық процестегі медиация

26/08/2015

Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Медиация азаматтық дауды шешу нысаны ретінде» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Д.Әбдіғалиев және судьялар мен сот мамандары қатысты.

Аталған тақырып бойынша сот төрағасы Д.Әбдіғалиев баяндамамен сөз сөйледі. Ол, медиация бұл – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі деп атап өтті.

Қоғамдық орында қайыршылық жасағаны үшін қамақ

26/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азамат Н-ға қатысты іс қаралды, ол 2015 жылғы 11 тамызда қоғамдық орында бола тұрып, жолдан өтуші адамдарды мазалап қайыршылық жасаған.

Әкімшілік сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа және 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазаға тартуды қаулы етті. 

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін тұтқындау

26/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Әзербайжан азаматына қатысты іс қаралды, ол көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарды. Болу мерзімін ұзарту туралы арызбен көші-қон полициясының органдарына жүгінбеген. 

Осыған байланысты уәкілетті органдар құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

ҚР Конституцияның 20 жылдығы

26/08/2015

Астана қаласының Алматы ауданының № 2 сотында  «Конституция – Қазақстанның негізгі заңы» тақырыбына дәрістік сабағы өтті.

Іс-шара жұмысына сот мамандары қатысты. Осы тақырып бойынша судья У. Қошанов  баяндама жасады.

1993 жылы Конституция тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының күрделілігін және қарама-қайшылықтарын көрсетті. Бір жағынан ол демократиялық мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы бағытында республика өмірінің барлық қырынан  одан әрі алып жүрудің құқықтық негіздерін көрсетті.

Бөтен мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

26/08/2015

Есіл аудандық №2 сотта Х-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа берілген қылмыстық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында сотталушы жәбірленушілердің сенімдерін теріс пайдаланып арбау жолымен бірнеше рет бөтен мүлкін ұрлағаны анықталды.

Сот отырысында сотталушы барлық эпизодтар бойынша қылмыс жасағанын толық көлемде мойындаған. Сондай-ақ, ол медиация рәсімін қолдану арқылы жәбірленушімен татуласқан фактісін растады. 

Ұсақ бұзақылық үшін айыппұл

26/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол  2015 жылғы 21 тамызда қоғамдық орында темекі қалдыған жерге лақтырған.

Сот отырысында құқық бұзушы өзінің құқық бұзушылық жасағанын толық мойындаған.        

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды және оған мемлекет үлесіне 19 820 соммаға әкімшілік айыппұл салынды.