Архив событий

13/08/2015

Сот процестерінде дыбыс - бейне жазба тіркелімдерін уақтылы пайдалану

13/08/2015

Астана қаласының Алматы аудандық сотында «Сот процестерінде дыбыс - бейне жазба тіркелімдерін уақтылы пайдалану» атты тақырыпқа семинар сабақ өтті.

Семинар 100 нақты қадам шеңберінде жұмыстарды жүргізуді жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына соттың төрағасы Ғ.Нәсірдінов, судьялары және кеңсе мамандары қатысты. 

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық сұрақтарға жауап болып табылатын бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадамды» белгіледі.  

Соттың өзге де мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл процесі

13/08/2015

Бүгін  Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Соттың өзге де мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл процесі» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық соттың судьялары, полиция капитаны Д.Тоқатов, прокурордың көмекшісі Б.Шералин қатысты.

Берешекті өндіріп алу туралы

13/08/2015

Астана қаласының Алматы аудандық соты «Хоум Кредит энд Финанс Банк» АҚ-ның аз.Б-ға қатысты берешекті өндіріп алу туралы азаматтық ісін қарады. 

Талапкердің талап арызы тараптардың арасында кредит шарты бекітілгенімен уәжделеді. Осы кредит шартына сәйкес, жауапкерге 18 ай мерзіміне заем берілген. Заем тұтынушылық қажеттілікке бірілген.  

Алайда, жауапкер банк заемі шартының талаптарын  бұзған. Берешекті өтеу жүргізілмеген.

Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығару

13/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты халықтың көші-қон саласында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан азаматына қатысты істі қарады. Құқық бұзушының әрекеті Қазақстанға ІІО-на тіркелуінсіз ҚР ӘҚБК-нің 517-бабының 1-бөлігінде көрсетілген мерзімінен, яғни 3 тәуліктен көп уақыт болған.  

Сот отырысында құқық бұзушы хаттамада жазылған мән жайды  мойындаған, өзінің әрекетін саралауымен келіскен.

Алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқару

13/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін құқық бұзушыны 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Медициналық растау қорытындысына сәйкес құқық бұзушыдан жеңіл дәрежеде масаң күйде болғаны анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада мазмұндалған мән-жайды растады, өз әрекетінің сараланғанымен келісті.

Алкоголь өнімдерін бөлшектеп сату лицензиясынан айыру

13/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жеке кәсіпкерге қатысты іс қаралды, ол этилдық спиртті және алкогольдік өнімді дайындау және сауда айналымы саласында қызмет етуге тиісті органның жыл сайынғы лицензиялық жинағын  төлемеген.

Мүлікті тыйым салудан босату туралы ісі қаралды

13/08/2015

Астана қаласы Алматы ауданының соты азамат Д-ның «Алмас» ЖШС-на мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауында анықталғандай 15.11.2012 жылы тараптар арасында «Түркістан» тұрғын үй кешенінде құрылысты инвестициялаудың бірлескен қызметі туралы шарт жасасқан. Алайда, «Алмас» ЖШС мүлкіне салынған шектеулерден талапкер өз құқығын пайдалана алмайды және мүлік сатып алу меншік құқығын тіркей алмайды. Осыған байланысты талапкер сотқа арызданған.