Архив событий

25/08/2015

№2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевтың үйде қамап ұстау мерзімін ұзартты

25/08/2015

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 176-бабы 4-бөлігі  «б» тармағында көзделген қылмысты жасаудағы күдікті Талғат Ермегияевқа қатысты бұлтартпау шараларын қолдану мерзімін ұзарту туралы прокурормен келісілген тергеушінің қолдаухатын қанағаттандырды.

2015 жылғы 25 тамыздағы сот қаулысымен үйде қамап ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мерзімі 4 айға дейін ұзартылды, яғни 12.10.2015 жылға дейін.

№2 Алматы аудандық соты Азамат Тұматаевтың қамау мерзімін ұзартты

25/08/2015

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 176-бабы 4-бөлігі «б» тармағында көзделген қылмысты жасаудағы күдікті Азамат Тұматаевқа қатысты бұлтартпау шараларын қолдану мерзімін ұзарту туралы прокурормен келісілген тергеушінің қолдаухатын қанағаттандырды.

А.Тұматаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу дайындығына арналған ақшалай қаражатқа иелік еткені үшін күтіктенеді.

Сот «АТ компанияларының Қазақстандық Ассоциациясы» Ассоциациясының талап қоюынан бас тартты

25/08/2015

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «АТ компанияларының Қазақстандық Ассоциациясы» Ассоциациясының «ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті» ММ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың нұсқамасын заңсыз деп тану және бұзуды тоқтату туралы өтініші бойынша азаматтық іс қарады.

Азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдану

25/08/2015

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық сотында жоғары тұрған соттардың сот актілерінің күшін жою және өзгерту себептерін талқылау жөнінде, сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдану жөнінде семинар өтті.