Архив событий

04/08/2015

Cот «Артем» рыногы аумағында жаппай төбелес болып жатқаны туралы жалған мәлімет таратқан ер адамға қатысты үкім

04/08/2015

Қаланың Алматы ауданының №2 аудандық сотында ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып қасақана жалған ақпарат тарату фактісі бойынша  К.Тілеуовты  айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот, 2015 жылғы 16 маусымда 20.00 сағат шамасында сотталушы К.Тілеуов масаң күйде «Артем» СҮ маңында бола отырып, интернет арқылы «Артем» рыногы аумағында төбелес болып жатқаны туралы қасақана жалған ақпарат таратқаны анықталды.

Сот актісін орындамағаны үшін айыппұл

04/08/2015

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының бұйрығымен 23.06.2004 ж. бастап құқықбұзушыдан 8.466.700 теңге мөлшерінде негізгі қарыз сомасы өндіріліп алынған. Алайда құқық бұзушы 11 жыл бойы сот актісін орындамаған,  борыш сомасын өтеу үшін ешқандай шаралар қолданбаған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Републикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған және 19 820 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылған.

Көлік құралын басқару құқығынан айыру

04/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қарсы бағыттағы  жолаққа шыққаны   үшін азамат Ф- ның қатысына ісі қаралды. 

Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қағидасының 9.2-тармағын, 1.3-тармағын, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жол жүру қағидасын  бұзған, оның әрекеті Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 3 бөлігі бойынша сараланған.

Сот отырысына қаралатын істің орны мен уақытынан хабардар етілгенімен, құқық бұзушы келген жоқ.