Архив событий

18/08/2015

Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркасынсыз сақтағаны үшін айыппұл

18/08/2015

Астана қаласының мамандандырылған аудандық сотында алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркасынсыз сақтау фактісі бойынша іс қаралды, бұл «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабының 2-тармағы  4-тармақшасын бұзу болып табылады.

 Аталған факт бойынша мемлекеттік табыстар басқармасы тарапынан құқық бұзушы «Кавказская пленница» ЖШС-на қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің         283-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Заңды нұсқаманы мерзімінде орындамау

18/08/2015

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік құрылыс инспекторының нұсқамасын орындамаған «УЮТ-19» тұрғын үй-құрылыс кооперативына қатысты анықталған құқық бұзушылықтарды жою туралы іс қаралды.

Нұсқама бойынша құқық бұзушылықты жоюға дейін үйді пайдалануды тоқтату, 3 тәулік ішінде іс-шаралар жоспары берілу қажет болатын.

ҚР ӘҚБтК-нің 25 бабы 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық құқыққа қайшы болып табылады, заңды тұлғаның кінәлі (қасақана немесе абайсызда) әрекеті не әрекетсіздігі.

Моральдық зиянды өтеу

18/08/2015

Сарыарқа аудандық сотында «Астана су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы ҚҚП-ге қатысты  моральдық зиянды өтеу туралы азамат А-ның  талап-қою бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер слесарь ретінде «Астана су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы ҚҚП-да еңбек қатынасында тұрған. Талапкер су құбыры жарылысын жою бойынша өзінің еңбек міндеттерін орындай отырып, орташа жарақат алған.

Сырттай іс жүргізу

18/08/2015

Бүгін Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Сырттай іс жүргізу» атты тақырыпқа дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға соттың төрағасы Д.Әбдіғалиев, судьялар және мамандар қатысты.

Көлік құралын жүргізу құқығынан айыру

18/08/2015

Мамандырылған аудандық әкімшілік сотында азамат Н-ға қатысты іс қаралды, ол 2015 жылғы 3 тамызда «Газ» маркалы автомашинаны жүргізіп келе жатқан кезде қарсы қозғалыстағы жолдың жүріс бөлігі жағына шыға отырып, жол жазықтық белгісін кесіп өткен. Сот отырысында құқық бұзушы құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 556-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды және бір жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Медиация тәртібінде реттеу

18/08/2015

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Г» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне  қатысты берешек сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітуге келісті, ол бойынша төлеуге жататын берешек сомасы 2 300 000 теңгені құрайды.

Ведомствоға тәуелділік және соттылық

18/08/2015

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Ведомствоға тәуелділік  және соттылық. Сот құрамы, қарсылық білдіру. Іске қатысушы тұлғалар» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына сот төрағасы Ғ.Нәсірдінов және соттың судьялары қатысты.

Судья Б.Бияхметова баяндамамен сөз сөйледі, ол істерді соттылығы бойынша қараудың маңыздылығына тоқталды. 

Қазақстан Республикасындағы сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы

18/08/2015

Алматы аудандық сотында Астана қаласы қалалық сотының судьялары М.Манабаеваның, С.Әлімбаеваның қатысуларымен семинар сабақ өткізілді.

Семинар жұмысында Қазақстан Республикасындағы сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері талқыланды.

Семинар соңында іс-шара қатысушылары пікірлермен алмасты және нақты ұсынымдарды әзірледі.

Дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

18/08/2015

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» ШЖҚ-дағы ҚҚК-нің «А» ЖШС-не қатысты берешек сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітуге келісті.