Архив событий

11/08/2015

Астана қалалық соты «Сот кабинеті» электрондық жүйесінің жаңартылуының тұсаукесерін өткізді

11/08/2015

Бүгін Астана қаласының соты соттар, мемлекеттік органдар арасындағы толықтай электрондық құжат айналымына көшу мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдармен «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін іске асыру бойынша кездесу өткізді.

Медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді бекіту

11/08/2015

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Ж» ЖШС-нің «У» ЖШС-не 4 963 665 теңге сома мөлшеріндегі берешекті өндіріп алу туралы  талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім жасауға келді.

Сот талқылауы барысында талапкер медиативтік келісімді бекіту туралы арызымен жүгінген, оған сәйкес жауапкер қарыз сомасын төлеуге міндетті. Екі тарап та осы келісімге қол қойғаннан кейін ешқандай наразылық білдірмеуге міндеттелді.

Астана қаласының Есіл аудандық сотында брифинг өткізілді

11/08/2015

Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Соттардың жаңа технологиялардың қолдануы» атты тақырыпқа брифинг өткізілді, онда сот төрағасының м.а. Ж.Байбек, сот судьялары мен мамандары қатысты.

Брифинг барысында сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру және қарапайым пайдаланушы үшін сотпен кедергісіз өзара іс-қимыл жасасуға мүмкіндік беретін ыңғайлы және түсінікті құралдарды жасау туралы мәселе талқыланды.

Азаматтық процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеулер

11/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта «Азаматтық процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеулер», «Жоғары тұрған соттармен өзгертілген және күші жойылған сот актілерін талқылау» атты тақырыптарға семинар өткізілді.

Семинар жұмысына сот төрағасы А.Жұмағұлов және судьялар қатысты.

Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы

11/08/2015

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Астана қаласы әкімдігінің «Х» ӨАБ-не жер учаскесін мәжбүрлеп иелігінен шығаруға талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдарынан жер учаскесі әкімдіктің қаулысына сәйкестексеру, іздеу жұмыстарын, жылу магистралдарының  жобалауын жүргізу үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алуға жататыны белгілі болған.

Соттарда медиация институтын дамыту

11/08/2015

Бүгін Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Соттарда медиация институтын дамыту» атты тақырыпқа семинар сабақ өтті.

Іс-шараға сот төрағасының м.а. Ж.Байбек, сот судьялары мен мамандары қатысты.

Алматы ауданының №2 аудандық соты «ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-ның құрылыс бойынша бұрынғы басқарушы директорының қамауға алу мерзімін ұзартты.

11/08/2015

Алматы ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 176 бабының 4-бөлігіні «б» тармағымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған Суламбек Баркинховке қатысты бұлтарпау шарасының мерзімін ұзартуға байланысты тергеушінің өтінішін қанағаттандырды.

Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 3 айға дейін, яғни 2015 жылдың 17 қыркүйегіне дейін ұзартылды.