Архив событий

03/08/2015

Берешек сомасын өндіріп алу жөніндегі дау медиация тәртібінде реттелді

03/08/2015

Астана қаласының Алматы аудандық соты аз.М-нің аз.А-ға қатысты қарыз сомасын  өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтінішхат мәлімдеді және сот тәрбібінде медиативтік келісім бекітілді.

«Қылмыстық процестегі медиативтік келісім» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

03/08/2015

Есіл ауданының №2 аудандық сотында «Қылмыстық процестегі медиативтік келісім» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына төрағаның м.а. К.Тобағиұлы, Есіл ауданының прокуроры Б.Ермегияев, Астана қаласының Есіл аудандық заң кеңесінің адвокаты – Г.Сәулебаева, сондай-ақ медиаторлар  А.Хайдарова, Т.Елібаевтар қатысты.

Дөңгелек үстел қатысушылары медиация өткізу тәртібін талқылады, сондай-ақ қылмыстық істерді қарау кезіндегі медиацияны қолданудың ерекшеліктері туралы айтты.

Алкогольді масаң күйде автомобильді басқару

03/08/2015

Астана қаласының әкімшілік соты алкогольді масаң күйде «БМВ» маркалы автомобилін басқарған азамат Б-ға қатысты істі қарады. Осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған, оның әрекеті ҚР ӘҚБК-нің 608-бабының 1- бөлігі бойынша сараланған.

Жүргізушіге өндіріп алуды тағайындау кезінде судья оның жасаған әрекетінің дөрекілігін және қоғамдық қауіптілігін, жеңілдететін, ауырлататын өзге де мән-жайларды ескерген. 

Астана қаласының экономикалық сотында семинар өтті

03/08/2015

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Астана қаласы қалалық сотының судьясы А.Жақыпованың қатысуымен жоғары тұратын соттардың сот актілерінің күшін бұзу және оны өзгерту себептерінің талдауын талқылау бойынша семинар өтті.

Семинар жұмысына аудандық соттың төрағасы, судьялары қатысты.

«Алиментті өндіріп алу істері жөніндегі даулар» тақырыбына семинар сабағы өтті

03/08/2015

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Алиментті өндіріп алу істері жөніндегі даулар» тақырыбына семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына Астана қаласы Алматы аудандық сотының м.а. К.Рахметулина және Алматы аудандық сотының судьялары қатысты.

«Қамауға алуға санкция беру» тақырыбына дәріс сабағы

03/08/2015

Астана қаласының Алматы аудандық №2 сотында «Қамауға алуға санкция беру» тақырыбына дәріс сабағы өтті.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнiң  кіріспесінде: «...әркім де азаматтық, мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік құқықтарын пайдалана алатын жағдайлар жасалғанда ғана қорқыныш пен мұқтаждықтан азат, еркін жеке адам идеалы жүзеге асырылуы мүмкін» әрі «мемлекет жалпыға ортақ сыйластық пен адам бостандығын сыйлауға міндетті» екені айтылған.  

Заң үстемдігі - экономикалық дамудың кепілі

03/08/2015

Сарыарқа ауданының сотында «Заң үстемдігі - экономикалық дамудың кепілі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға сот төрағасы, судьялар, тұрғын үйлердегi пәтерлер мен тұрғын үй-жайларларды меншiктенушiлер кооперативтерiнiң, қалалық коммуналдық қызметтің  және әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді ашқан М.Баркинхоев өз сөзінде, Президент Н. Назарбаев бес институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі «100 нақты қадамды» белгілеп берген болатын, ол ғаламдық мәселелерге жауап береді деді.

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл

03/08/2015

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Ресей Федерациясының азаматына қатысты іс қаралды, ол Қазақстан аумағында бола отырып, көші-қон карточкасында көрсетілген мерзімінен асып кеткен мерзім ішінде елден шығып кетуден жалтарған.

Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін толық көлемде мойындады. Сот қаулысымен құқық бұзушы 29 730 теңге сомасында айыппұл түрінде ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Есірткі затын пайдаланғаны үшін айыппұл түріндегі жаза

03/08/2015

Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты есірткі затын пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі қараған.

Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектес прекурсорларды медициналық емес тұтыну – бір 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.