Архив событий

17/08/2015

Парақорлық үшін жауаптылық

17/08/2015

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында жол-патрульдық полициясы мамандандырылған батальон қызметінің аға инспекторына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот, ағымдағы жылғы 21 маусымда сотталушыға лауазымдық өкілеттігін орындау кезінде жүргізуші Ш-ның алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу фактісі туралы хабар түскені және оқиға орнына шыққаны анықталды.

Істі тергеу барысында Ш. жүргізген автомобиль соңғысының ағасына тиесілі екені анықталды.

Жоғары тұрған соттардың сот актілерінің күшін жою және оларды өзгерту себептерін талқылау бойынша семинар

17/08/2015

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары сот төрағасы А. Жұмағұловтың, Астана қаласы сотының судьясы Н.Сұлтановтың қатысуымен жоғары тұрған соттардың сот актілерінің күшін жою және оларды өзгерту себептерін талқылау жөніндегі семинар өткізді.

Астана қаласы қалалық соты судьяларының қатысуы сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға ықпал ететін тиімді ұсынымдар шығаруға мүмкіндік береді.

Қылмыстық істер бойынша сот талқылауы барысында сот сараптамасын тағайындау

17/08/2015

Астана қаласының сотында «Қылмыстық істер бойынша сот талқылауы барысында сот сараптамасын тағайындау» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына Астана қаласы сотының,  сондай-ақ аудандық және оған теңдестірілген соттардың судьялары қатысты.

Сот талқылауы барысында сараптамалық зерттеулерді тағайындауға  байланысты проблемалық мәселелер талқыланды.

Семинар соңында судьялар нақты ұсынымдарды әзірлей отырып өз пікірлерімен алмасты. 

Зияткерлік меншік құқығы туралы даулар

17/08/2015

2015 жылғы 15 тамызда Астана қаласының сотында «Зияткерлік меншік құқығы туралы даулар» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына Астана қаласы сотының, сондай-ақ аудандық және оған теңдестірілген соттардың судьялары қатысты.

Зияткерлік  меншік саласындағы заңнаманы қолданудың проблемалық мәселелері талқыланды.

Семинар соңында судьялар нақты ұсынымдарды әзірлей отырып, өз пікірлерімен алмасты.

Кедендік заңнама саласындағы дауларды шешу

17/08/2015

Астана қаласының сотында «Кедендік заңнама саласындағы дауларды шешу» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына Астана қаласы сотының, сондай-ақ аудандық және оған теңдестірілген соттардың азаматтық істерді қарайтын мамандандырылған судьялары қатысты.

Семинар соңында судьялар нақты ұсынымдарды әзірлей отырып, өз пікірлерімен алмасты. 

Кәсіби судьяның қалыптасуындағы тәлімгерлік рөлі

17/08/2015

2015 жылғы 15 тамызда  Астана қаласының сотында «Кәсіби судьяның қалыптасуындағы тәлімгерлік рөлі» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына аудандық және оған теңдестірілген соттардың қысқа мерзімдік еңбек стажы бар судьялары, сондай-ақ олардың тәлімгерлері қатысты.

Семинар барысында Астана қалалық соты оқу орталығының үйлестірушісі  жұмысын жаңа бастаған судьялардың тәлімгерлерімен тиімді өзара іс-қимыл жасасу бойынша түсініктеме берді.

Процестік құжаттардың жасалу сапасы

17/08/2015

2015 жылғы 14 тамызда Астана қаласының сотында «Процестік құжаттардың жасалу сапасы» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына Астана қаласы сотының, сондай-ақ аудандық және оған теңдестірілген соттардың қылмыстық істерді қарастыратын мамандандырылған судьялары қатысты.

Семинар соңында судьяларға процестік құжаттардың сапасын жақсартуға арналған ұсынымдар берілді.  

Экономикалық соттағы ашық есік күні

17/08/2015

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кезекті «Ашық есік күнін» өткізді.

Сот төрағасы Ақан Жұмағұлов азаматтармен әңгімелесті, сот қызметі туралы айтып берді.

Іс-шараға қатысушылар кеңсе, мұрағат, ұйымдастыру-талдау бөлімінің жұмыстарымен танысты, деректердің электронды базасына рұқсат етуден бастап сот процестерінің бейне-дыбыстық жазылуын қамтамасыз ететін  құрылғыларға дейінгі соттың жаңа жабдықтау құралдарымен танысты.

Банктік заңнаманы қолданудың өзекті проблемалары

17/08/2015

2015 жылғы 14 тамызда Астана қаласының сотында «Банктік заңнаманы қолданудың өзекті проблеммалары» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына Астана қаласы сотының, сондай-ақ аудандық және оған теңдестірілген соттардың банктік заңнама нормаларын қолдануға байланысты азаматтық істерді қарастыруға мамандандырылған судьялары қатысты.

Семинар соңында тиісті заңнаманы қолдану бойынша ұсынымдар әзірленіп, пікірлер алмасты. 

Конституция – құқық жүйесінің негізі

17/08/2015

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күнінің 20-жылдық мерекесін тойлау қарсаңында Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтті. Бұл күні сотқа астаналық жоғарғы оқу орындарының студенттері келді.

Болашақ заңгерлерге арналған кездесудің мақсаты сот қызметін ұйымдастыру туралы білімдерін тереңдету мен кеңейту, соттың практикалық қызметімен танысу болып табылады.