Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Кеңсе қызметкерлерінің қол жетімділігі, сыпайылығы, сот процесіне қатысушылармен жұмыс барысында мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы» атты тақырыпқа дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға сот төрағасы, мамандары, Астана қаласы кеңсесі басшысының орынбасары А.Ибрагимов және Астана-Тұран Университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздік қызметкері, БЖТжӨХА-ның корреспондент мүшесі Б.Аяпбергенов қатысты.

Іс-шара барысында Құқықтық саясатты зерттеу орталығының БҰҰДБ-мен бірлесіп өткізген Қазақстандағы соттарды қолданушылардың әлеуметтік сауал қоюының нәтижесі талқыланды.

«Мемлекет мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құзыретінің дамуына және оның мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығын арттырудағы әсеріне қажетті көңіл бөліп отыр. Ол мемлекеттік қызметтің тиімділігін негіздейтін маңызды фактордың бірі ретінде қарастырылады», - деп проректор атап өтті.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында этикет, процеске қатысушылармен тәртіпті сақтау ережелері мәселелері бойынша семинарлар, дәрістер, әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Сот қызметкерлері тәжірибелі мамандар ішінен мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданғандарға тәлімгерлер тағайындайды, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі және атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланады», - деп өз кезегінде сот төрағасы баса айтты.

Іс-шара соңында сот төрағасы қатысушыларға алғыс білдірді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі