Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері елордалық соттарды аралады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жастарға құқықтық тәрбие беру және қоғамның құқықтық санасын арттыру мақсатында Астана қалалық сотында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері үшін «Ашық есік» күні өткізілді.

Астаналық сотта болашақ заңгерлер Қазақстан Республикасының тарих және құқық мұражайын аралап, онда оларды тарихи құндылығы бар экспонаттар, құжаттар мен фотосуреттер, сондай-ақ би сотының атрибуттарымен таныстырды.

Кейін студенттер Астана қаласының сарыарқа аудандық сотына барды, ол жерде сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетті.

Кездесу барысында аудандық соттың төрағасы А.Жукенов «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде жүргізілген реформалар жайлы Қатысушылар сот қызметі туралы және «Сот кабинеті» қызметі туралы бейнероликтер көрді.

Сот ғимаратындағы экскурсия кезінде студенттер кеңсе жұмысымен, медиатор кабинеті және сот залдарын аралады. Студенттер дыбыс-бейне фиксациясымен жабдықталған сот залына ерекше қызығушылықтарын білдірді.

Кездесу соңында оқытушылар мен студенттер сот басшылығына ерекше алғыстарын білдірді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі