Қызының бұзақылығы үшін ананың жауапкершілігі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ата – аналар өз балаларының тәрбиесі мен дамуы үшін жауапты болып табылады. Алайда,  көбіне ата-аналардың өз міндеттеріне салғырт қарауы  жағымсыз салдарға әкеліп соғады.

 Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкіліне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен  кәмелет жасқа толмаған баланың колледж аумағында темекі өнімін пайдаланып, оны жерге тастағаны және осылай шағын бұзақылық жасағаны анықталды.

Ювеналды соттың қаулысымен кәмелетке толмағанның анасы ҚР ӘҚБтК-нің  435 бабы бойынша кінәлі деп танылды және оған 15 883 теңге сомасында айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі