Қызметкерге жалақы төлеу - жұмыс берушінің міндеті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер «А» ЖШС-да еңбек қатынасында тұрған, оған сәйкес ол еңбекақысы 120 000 теңге құрайтын әр түрлі жұмыстағы жұмысшы ретінде қабылданды.

Алайда жұмыс барысында кәсіпорынның жұмыскер алдында еңбекақы бойынша берешек пайда болған.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен мекемеден талапкер пайдасына жалақы бойынша қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі