Құрылыс нормаларының талаптарын бұзғаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 313-бабы 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін «Н» ЖШС-на қатысты іс қаралды.

Сот отырысында «Алматы ауданында орналасқан тұрғын үй» объектісін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау Департаментімен жоспардан тыс тексеру барысында  ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген құрастырмалы элементтерінің беріктігін, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соқтыратын құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттары талаптарының бұзылғаны анықталды.

Құқық бұзушыдан жіберілген құқық бұзушылық фактісі әкімшілік істің бар материалдарымен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сондай-ақ істің басқа да материалдарымен расталды.   

Сот қаулысымен құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік лицензиядан айыра отырып, айлық-есептік көрсеткіші мөлшерінде 756 800 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі