Корпоративтік даулар бойынша соттылықты анықтау және корпоративтік дауларды шешу амалдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Корпоративтік даулар бойынша соттылықты анықтау және корпоративтік дауларды шешу амалдары» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шараға сот төрағасы Жұмағұлов А.М., судьялар Ли Ж.М., Тұрғанбаев Т.А., «Медиацияны дамыту орталығы» ассоциациясының өкілі Ахметова Ж.Д., Ақмола облысы адвокаттар алқасының авдокаты  Жұмашев С.А. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Астана қаласының ауданаралық экономикалық сотының судьясы Жанна Ли «Корпоративтік даулар» атты тақырыпқа баяндамамен сөз сөйледі. Өз сөзінде судья Жанна Ли  2008 жылғы 5 шілдедегі «Кейбір заңнамалық актілерге корпоративтік дауларды шешу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» ҚР-ның Заңы қабылданғанға дейін «корпоративтік даулар» түсінігі біздің заңнамада болмаған деп атап өтті, ҚР АІЖК-нің 24-бабы екінші бөлігінде жаңа редакцияда жазылған. Даудың соттылығы туралы мәселелерді шешу барысында экономикалық соттың соттауына тек коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты корпоративтік даулар жататыны ескерілуі тиіс. Коммерциялық емес ұйымдардың қатысушылары арасындағы даулардың корпоративтік дауларға қатысы жоқ, демек осындай даулар аудандық (қалалық) соттарда шешілуге жатады.   

Судья Талғат Тұрғанбаев қатысушылар назарын корпоративтік дауларды шешу барысында соттар ҚР Азаматтық кодексінің нормаларын, 02.05.1995 жылғы «Шаруашылық серіктестіктері туралы», 05.10.1995 жылғы «Өндірістік кооператив туралы», 22.04.1998 жылғы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», 13.05.2003 жылғы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңдарын, сондай-ақ «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жөніндегі заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 10.07.2008 жылғы №2 Нормативтік Қаулысын басшылыққа алатынына аудартты.

Соңында сот төрағасы дөңгелек үстелдің қатысушыларына алғыс білдірді. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі