Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтата тұру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтата тұруға қатысты өзекті мәселелер» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

 Іс шараға сот төрағасы мен судьялар, сонымен бірге Астана қалалық сотының судьясы К.Т.Айтқалиева қатысты.

Семинардың мақсаты сот төрелігін іске асыруда әкімшілік істер бойынша соттардың заңдарды қолдануы бойынша сот тәжірибесін зерттеу, сонымен бірге істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерді анықтау болып табылады.

Семинар барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау бойынша сұрақтар талқыланды.

Іс шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі