Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша семинар-кеңес

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Ішкі істер департаментінде, мерзімі өтіп кеткеннен кейін немесе процесс барысындағы құқық бұзушылықтар жөніндегі материалдарды сотқа жіберу және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша  хаттаманы толтыру тәртібі секілді мәселелерді талқылау бойынша семинар-кеңесі өтті.

Кездесуге  Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы У.К Сүлейменова., Ішкі істер Департаменті Жергілікті Полиция Қызметтерінің (МПС ДВД) бастығының орынбасары полиция майоры  Г.С.Жакин, «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл»  аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті Полиция Қызметтерінің (МПС РУВД) басшылары және жеке құрамы қатысты.

Өз сөзінде судья қатысушыларды 2016 жылы 22 желтоқсанда қабылданған №12 «Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес соттардың жалпы нормаларды қолдану мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысымен таныстырды, онда лауазымды тұлғалардың әкімшілік іс жүргізуіне көмектесетін белгілі бір бабтарға түсіндірме берілген.

Кездесу соңында қатысушылар жеке құрамның кәсіби деңгейін көтеруге арналған осындай тәжірибелік іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі