Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары мен мамандары,  «Центр юридических услуг - Астана» (Қорғау-Астана) жеке қорының өкілі Д.Т.Бугалиева қатысты.

Өз сөзінде судья Б.Нұржан,  Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшелігі – оның бастамасы мемлекет болып табылады, және басым бағыттарының бірі – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық төмендету мақсатында жұмыс істейтіндігін атап өтті.

Д.Т.Бугалиева аталған жеке қордың қызметі туралы сөз етіп, оның адам саудасының құрбаны болған тұлғаларға заңды және әлеуметтік тұрғыда көмек беретінін айтты.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі