Ішімдік және қылмыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ішімдікке деген тәуелділік адамды заңды бұзуға итермелейді.

2017 жылы 4 наурызда ішімдік ішіп отырған екі еркек арасында кикілжің пайда болады, соның барысында бірі екіншісіне дене жарақатын келтірген. Ер адам жәбірленушінің қарсыласуына қарамастан басының тұсынан балтамен бірнеше соққы берген.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен сотталушы Т. жасағаны қылмысы үшін ҚР ҚК 106 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесіндегі орта қауіптегі мекемеде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі