Еңбек ақыны өндіру туралы дау медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыарқа аудандық сотына қала тұрғыны  Б. 500 000 теңге көлемінде еңбек ақы бойынша қарызын  өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта жұмыс берушінің талапкерге  2015 жылдан бері еңбек ақысын төлемей келгендігі анықталды.

Сотта істі қарау барысында  судья медиатордың қатысуымен тараптар өзара бітімгершілікке келіп, келісімге сай жауапкер белгіленген мерзімде еңбек ақы бойынша қарыз ақшасын беруге келісті, ал талапкер өз кезегінде талап арызынан бас тартты.

Сот тараптардың бітімгершілікке келу туралы келісімін  бекітіп, азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Ұйғарым  заңды күшіне енді.

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі