Экономикалық сотта кәсіби медиаторлармен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төраға м.а. А.Жамансариева «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-ның медиаторларымен кездесу өткізді.

 Кездесу барысында А.Жамансариева татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы айта келе, медиация сот төрелігін сапалы және тиімді жүзеге асырудың бірден бір жолы екенін атап өтті.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес соттарда сот медиациясы тәртібінде татуластыру рәсімдерін жүргізу үшін кабинеттер ашылып, құралдармен жабдықталған. Сонымен бірге халық арасында дауларды шешудің қосымша тәсілдерін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Аталған іс-шаралар медиация институтын дамытуға бағытталған.

Қорытындылай келе, медиаторлар Қазақстан Республикасында медиация институтының 2011 жылы құрылғандығын айтып және мемлекет татуластыру рәсімдерінің осы түрін барынша қолдайтындығын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі