Бейбіт келісім

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылы екі елордалық компания арасында өрт сөндіру қауіпсіздігі бойынша консультациялық қызмет көрсетуге шарт жасалған. Алайда жауапкер ақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған.

Сот талқылауы барысында тараптар бейбіт келісім жасады, жасалған келісімге сәйкес жауапкер қарыз сомасын растап, келісілген уақытта қарызды өтеуге міндеттенді.

АПК-ның 175 бабына сәйкес, бейбіт келісім кассациялық, аппеляциялық, бірінші сатыдағы соттарда кеңесу бөлмесінде сот алдындағы іс жүргізудің кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісін орындау барысында  жасалуы мүмкін. Бейбіт келісім басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды және заңға қайшы келмейді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен татуласу келісімі бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі