Баланың үйден кеткені үшін әкімшілік жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының кәмілетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және оқыту бойынша өзінің міндеттерін дәлелді себепсіз орындамаған анасына қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот құқық бұзушылық туралы істі қарастырған кезде құқық бұзушы өзінің қызын тәрбиелеу бойынша міндетін орындамағанын анықтады. Оның салдарынан кәмелетке толмаған қызы үйінен кетіп қалған. Осы материал құқық қорғау органдарында тіркелген.  Кәмелетке толмаған қыз жеті күннен кейін өз еркімен үйге қайтып оралған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен анасына қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Құқық бұзушы өз кінәсін толық мойнына алды, жасаған әрекетіне өкініш білдіретінін түсіндірді, баламен алдын алу әңгімесін жүргізді.

Сот ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кәмелетке толмағанның заңды өкілін кінәлі деп таныды және 7 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі