Азаматтық сот өндірісінде медиацияны қолдануды күшейту бойынша қосымша шаралар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2017 жылдың 6 айында азаматтық істерді қараудағы татуластыру рәсімдерін қолдану нәтижесі талқыланған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасының м.а., судьялар және «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ мен «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің кәсіби медиаторлары қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасының м.а. А.Жамансариева, әрбір азаматтық іс бойынша сот талқылауын дайындау кезінде судьяның негізгі мақсаты тараптардың татуласуына жәрдем көрсету болып табылатындығын атап өтті.

«2017 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша 673 азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды, оның көпшілігі тараптардың татуласуымен байланысты (партисипативтік рәсім – 1; медиация – 336; татуласу келісімі бойынша – 63)»,-деді А.Жамансариева.

Алайда сотпен бекітілген медиация тәртібінде дауды реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісімдерге байланысты тоқтатылған өндірістер бойынша істерді зерттеу тараптардың татуласуы сот медиациясы нәтижесінде екендігін көрсетті, соған байланысты кәсіби медиаторларға аталған бағытта белсенді жұмыс жүргізу ұсынылды.

Аталған іс-шара қорытындысы бойынша азаматтық сот өндірісінде медиацияны қолдануды күшейтуге бағытталған қосымша ұйымдастыру шаралары жасалып шығарылды.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі