Астана қаласының сотында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының сотында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз» атты тақырыпқа семинар сабағын өткізді.

Семинарды Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері өткізді.

Семинар жұмысына Астана қаласы соты кеңсесінің басшылары мен мамандары қатысты.

Семинар жұмысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілі Д.Раймбаев мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы айтты.

Сонымен бірге семинар барысында баяндамашылар мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылғандар өз кәсіби қызметтерін төменгі лауазымнан бастайтын шеңберде мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне өту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұдан басқа мемлекеттік қызметшілердің нәтижелілігін уақытылы бағалуды енгізу және бонустарды төлеу мәселелері көтерілді.

Баяндамашы мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексі дайындалып жатқанын, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңның өңделіп жатқанын атап айтты. 

Сондай-ақ 2016 жылы мемлекеттік қызметшілерге кешенді аттестаттауды жүргізу мәселелері талқыланды.

Семинар соңында пікір алмасу болды.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі