Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты 2017 жылдың 1 жартыжылдығын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында сот төрағасының,  судьялардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындылары бойынша пресс-конференция өтті. 

Сот төрағасы Б.Ж.Есенов сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы мен  сот жұмысының нәтижелері туралы атап өтті.

Сотқа 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 310 қылмыстық іс түсті,  оның ішінде 302 қылмыстық іс  мәні бойынша қаралған.

Аталған кезеңде 212 адам сотталған. Жаза түрлеріне бөлгенде, олар: 31 адамға қатысты – айыппұл, 6 адамға қатысты – қоғамдық жұмыстар, 65 адамға қатысты – бас бостандығын шектеу, бас бостандығын айыру жазасы шартты түрде 55 адамға қатысты қолданылған, 43 адам бас бостандығынан айырылған, оның ішінде 111 – ауыр қылмыстар үшін.

Медиатордың қатысуымен 60 қылмыстық іс қысқартылды.

Тергеу судьясының жұмысына тоқтала келсек 750 материал келіп түсті, қолдаухаттардың жалпы көлемінен 746 немесе 99,8% қанағаттарылды.

Жиын соңыңда сот төрағасы Б.Ж.Есенов журналистердің барлық сұрақтарына нақты жауап берді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі