Астана қалалық соты «Сот кабинеті» электрондық жүйесінің жаңартылуының тұсаукесерін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласының соты соттар, мемлекеттік органдар арасындағы толықтай электрондық құжат айналымына көшу мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдармен «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін іске асыру бойынша кездесу өткізді.

«Сот кабинетінің» басымдылығы – компьютер, электрондық цифрлық қолтаңба және интернет болған кезде сотқа жіберілетін арыздарды, шағымдарды және басқа да құжаттарды тәуліктің кез келген уақытында беруге болады.  Бұл ретте, жіберуші лезде сот атауы, жіберілген күні мен уақыты көрсетіле отырып, электрондық түрде құжаттың жіберілгені туралы талон алады», - деп атап өтті Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.Кенжеғарин.

Кездесу барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы жасау бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға ақпараттық Талондарды енгізу, Талондарды сот органдарына жіберу, мемлекеттік органдармен ЭҚАБЖ жүйесі арқылы құжаттарды тапсыру және алу бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушылар көрнекті түрде «Сот кабинеті» арқылы «Әкімшілік істі жөнелту» ақпараттық сервисінің көмегімен электрондық түрде құжаттарды сотқа беру тәртібімен танысуға мүмкіндік алды.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы «Әкімшілік істі жөнелту» сервисі сияқты осындай жаңа енгізілім – бүгінгі күні өзекті болып табылады. Сервистің негізгі басымдылығы жеке тұлғалар және олардың өкілдері, учаскелік инспекторлар оларға ыңғайлы кез келген уақытта, үйден немесе кеңседен шықпастан, Интернет арқылы сот құжатын, сондай-ақ іс бойынша оның мәртебесін  қарауға және сот актісін басып шығаруға құқылы», - деп түсіндірді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Астана қалалық сотының Кеңсесі» ММ басшысының орынбасары А.Ибрагимов.

Кездесу соңында мемлекеттік органдар өкілдерінің мемлекеттік бажды төлеуге және қағаз тасымалдауыштағы құжаттардың көшірмелерін беруге қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі