Алкоголь өнімдерін бөлшектеп сату лицензиясынан айыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жеке кәсіпкерге қатысты іс қаралды, ол этилдық спиртті және алкогольдік өнімді дайындау және сауда айналымы саласында қызмет етуге тиісті органның жыл сайынғы лицензиялық жинағын  төлемеген.

Осыған байланысты мемлекеттік кірістер басқармасының қаулысымен құқық бұзушы ҚР ҚК-нің 282-бабының 8-бөлігі бойынша 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салына отырып жазалауға 150 және лицензия қызметінің әкімшілік жауаптылыққа және 10 күнтізбелік күнге лицензия қызметін тоқтата тұруға жатқан. Алайда, құқық бұзушы лицензияны тоқтатқан кезде лицензиялық жинақты төлемеген.

Сот отырысының барысында құқық бұзушы осы құқық бұзушылықты жасаған әрекетіндегі кінәсін мойындаған және ауыр материалдық жағдайына байланысты лицензиялық жинақ төлемегенін түсіндірген.

ҚР Салық кодексінің нормаларында Салық төлеуші ҚР салықтық заңнамасына сәйкес уақтылы және толық көлемде төлеуі тиіс.

Сот қаулысымен құқық бұзушы, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшектеп сату лицензиясынан айыра отырып, мемлекет кірісіне 29 7300  теңге сомасында әкімшілік айыппұл салуға тартылған. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі