Алименттен жалтарған ер адам миллионға жуық теңге көлемінде өтемақыны төлейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27  бабының нормаларына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

Осылайша, баланың анасы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына бұрынғы күйеуіне қатысты 2011 жылдың мамыр айынан 2017 жылдың наурыз айына дейін атқару құжаттары бойынша алиментті уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын өндіру туралы арызбен жүгінді.

Сот бұйрығы негізінде жауапкерден талапкердің пайдасына ортақ баланы асырау бойынша алимент өндірілді. Жауапкер алимент төлеу міндетінен жалтарған және балаға ешқандай материалдық көмек көрсетпеген.

Сот іс материалдарын ескере келе, жауапкерден талапкердің пайдасына миллион теңге  көлемінде тұрақсыздық айыбын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі