Сот Олимпиада ойындары жүлдегерінің құқықтарын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Істің мән-жайы.

Д.А. Ұланов 2016 жылы Олимпиада ойындарында 4-орынды иеленді.

2018 жылы нәтиже қайта қаралды, ХОК оған 3 орын берді.

2021 жылғы 23 тамызда ол Олимпиаданың қола жүлдегерлеріне көзделген мөлшерде төлем алу үшін «Ауыр атлетика федерациясы» ҚБ-ға жүгінді.

2021 жылғы қарашада Әділет министрлігі төлемдер мөлшерін қайта қарау үшін заңды негіздердің жоқ екені туралы қорытынды жасады, өйткені заң нормалары оны қабылдағанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

2021 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және мәдениет істері комитеті Д.А. Ұлановқа төлемдерді қайта қарау үшін негіздердің болмауы туралы жауап жіберді.

Осыған байланысты, Д.А. Ұланов Мәдениет және спорт министрлігіне төлем мөлшерін қайта қарауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен жүгінді.

Сот шешімі.

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның 45-бабында Халықаралық олимпиада комитетінің неғұрлым жоғары спорттық нәтижесін беру кезінде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін қайта қарау жүргізілетіні көзделген.

Аталған норма 2019 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілген.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі төлем мөлшерін қайта қараудан бас тартуға негіз ретінде заң нормасының кері күші жоқ деп көрсеткен, сондықтан даулы құқықтық қатынастарға қолданылмайды делінген.

«Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес нормативтік құқықтық актінің күші заң нормасы азаматтардың жағдайын жақсартатын жағдайда, ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы Заңда төлемдер мөлшерін қайта қарау міндеті көзделген.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылды, төлем мөлшерін қайта қараудан бас тарту заңсыз деп танылды. Сот Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне төлем мөлшерін қайта қарау міндетін жүктеді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты