Архив событий

28/03/2022

Дау медиация жолымен реттелді

28/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» аудандық соты "Евразия СК" АҚ сақтандыру компаниясы мен сақтанушы арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

Татуластыру рәсімдерін жүргізу барысында тараптар келісімге келді, оның шарттары бойынша сақтанушы бекітілген кестеге сәйкес сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемінің сомасын қайтаруға міндеттенді.

Келісім жасасу тараптарға дауды шешу уақытын қысқартуға, қаржылық шығындардан арылуға және іскерлік қатынастарды сақтауға мүмкіндік берді.

Балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы дау медиация арқылы шешілді

28/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған екі баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы К-нің жауапкер М-ге талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Татуластыру рәсімдерін жүргізу барысында татуластырушы судья екі жақты тиімді жағдайларда медиация арқылы дауды реттеудің тәртібі мен құқықтық салдарын түсіндірді, нәтижесінде тараптар медиативтік келісім жасасу туралы шешім қабылдады.

Зиянды өтеу туралы дау тараптардың татуласуымен аяқталды

28/03/2022

Істі сот талқылауына дайындау барысында Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық соты К. - ның еңбек міндеттерін орындау кезінде келтірілген зиянды өтеу жөнінде «А» ЖШС-ға қойған талабы туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісімді бекітті.

Тараптар апелляциялық сатылы сотта ымыраға келді

28/03/2022

Апелляциялық сатыдағы сот өткен жылғы істі тоқтатты.

2021 жылғы қарашада ЖШС-ның Нұр-Cұлтан қаласының экономикалық сотына басқа ЖШС-дан негізсіз байлықты өндіріп алу туралы талап қоюы келіп түсті.

Жауапкер шығындарды өндіріп алу туралы қарсы талап қойды.

Тараптар мемлекеттік баж салығын, өкілдердің қызметтерін және т.б. төлеу бойынша шығыстарды жүзеге асырды, бірнеше рет әртүрлі өтінішхаттарды мәлімдеді.

Үш ай соттың жауабын күтті.

Елорданың әкімшілік сотында семинар өтті

28/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында судья Қ.Е. Алпысбаева соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыру шеңберінде сауалнама парағын (check-list) таныстырды.

Сауалнама парағы Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ бұйрығының күшін жоюға байланысты істерді қарау кезінде практикалық қолдану үшін ұсынылды.