Архив событий

31/03/2022

ӘқМАСта дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді

31/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында елордалық прокуратура, әділет департаменті және әкімшілік полиция басқармасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Бауыржан Ахметкалиев сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау фактісі бойынша (ӘҚтК-ң 663-бабы) хаттамаларды толтыру барысында жол берілетін өрескел бұзушылықтарға тоқталды.

Судьялар ӘРПК нормаларын қолдануды түсіндірді

31/03/2022

2022 жылғы 31 наурызда Нұр-Слтан қаласының әкімшілік соты Zoom платформасы арқылы судьялар Айгүл Ақпанова, Айсұлу Құранбек, Сәуле Қабидолдинаның, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өкілдерінің, сондай-ақ облыстық әділет департаменттері қызметкерлерінің қатысуымен ӘРПК нормаларын талқылау бойынша семинар өткізді.

Судья С.С. Қабидолдина  ӘРПК қағидаттарын түсіндірді. 

Дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібінің рөлі мен маңызы туралы судьялар А.Қ. Ақпанова мен А.М. Құранбек баяндап берді.

ЕҰУ және ЕГИ студенттері үшін "Ашық есік күні" өткізілді

31/03/2022

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің және Еуразия гуманитарлық институтының 2 және 3 курс студенттері Нұр-Сұлтан қаласының аудандық соттарын аралады.

Сот өкілдері сот ғимараты бойынша экскурсия өткізді, оның барысында студенттер сот отырысы залдарына, конференц-залға, қызметкерлердің кабинеттеріне және оқу орталығына барды.

Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің маманы тыңдаушыларды Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі туралы өзекті ақпаратпен таныстырып, келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Қалалық сотта жаңа судьялар таныстырылды

31/03/2022

Бүгін кеңейтілген жалпы отырыста Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 наурыздағы № 845 Жарлығымен тағайындалған елорданың аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларын таныстырды.

Смагулова Нургуль Лесовна Алматы аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметіне Толеуханова Гульназ Амиргазыевна тағайындалды.