Архив событий

01/03/2022

Ақша дауы медиация тәртібімен реттелген

01/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты С-ның Б-ға кепілақы сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Тараптар кепілақы туралы келісім жасасқан, оған сәйкес талап қоюшы жауапкерге өзі сатып алатын пәтер үшін 20 миллион теңге мөлшерінде сома берген.

Б-пәтер иесі көрсетілген мерзімде жеке сот орындаушылары мен банк алдындағы берешекті өтеуге, тиісінше сатылатын тұрғын үйден ауыртпалықтарды алып тастауға міндеттенді. Алайда Б. міндеттемелерін орындамаған.

Осыған байланысты талап қоюшы сотқа жүгінуге мәжбүр болды.