Архив событий

18/03/2022

Апелляциялық сатылы сот Біртанов пен Әбішевке қатысты істі прокурорға қайтаруды заңды деп таныды

18/03/2022

2022 жылғы 18 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың өтінішхаты мен Біртановтың мүддесін қорғаушылардың жеке шағымдарын қарап, оларды негізсіз деп таныды және 2022 жылғы 28 қаңтардағы Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының Біртанов пен Әбішевке қатысты қылмыстық істі сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық процестік кодекстің бұзушылықтарын жою үшін прокурорға қайтару туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Елордалық әкімшілік соттың судьялары үшін семинар өткізілді

18/03/2022

2022 жылғы 18 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС судьялары үшін ӘРПК нормаларын іс жүзінде қолдану бойынша семинар өткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Дамир Әбдіғалиев апелляциялық алқаның әкімшілік істерді қарау нәтижелері туралы баяндады. Сот актілерін түзетудің себептері мен негіздері айтылды.

Алқа судьялары талап қоюлардың формальды қайтарылуын болдырмау мақсатында қайтарылған талап қоюлар бойынша сот практикасына талдау жүргізді.

Апелляциялық сатыда банк пен қарыз алушының мұрагерлері дауды татуласу жолымен шешті

18/03/2022

Қарыз алушы М. мен банк арасында 2019 жылдың қазанында шарт жасалған болатын.

Нәтижесінде Банк қарыз алушы М. - ға 50 млн. теңгеден астам сомада қарыз берді.

Қарыз алушы кепілге қою үшін Банкке өзіне меншік құқығымен тиесілі пәтері мен жер учаскесі бар үйін берді.

Өкінішке орай, қарыз алушы қайтыс болған.

Қарыз алушының банк алдында 100 млн. теңгеге дейін қарызы пайда болды. Қарыз алушының жақындары кейін Банктің кепіліндегі мүлікті өздеріне мұра етіп қабылдады.

Апелляциялық сатыдағы дау сотта партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

18/03/2022

Автомобильді басқарған жауапкердің кінәсінен 2021 жылғы тамызда жол-көлік оқиғасы орын алды. Талап қоюшының автомобиліне соның салдарынан елеулі материалдық залал келтірілді. М. - нің кінәсі елорданың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен анықталды.