Архив событий

14/03/2022

Шетелдік делегация елордалық әкімшілік сотта болды

14/03/2022

Әзірбайжан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Саяд Керимов пен Латвия Конституциялық Сотының судьясы Янис Нейманис Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында болды.

Іс-шара барысында қонақтарға әкімшілік соттың қызметі, 8 айдағы жұмыстың қорытындылары, жаңа кодексті практикада қолдану тәжірибесі таныстырылды.

Соттың шешімімен жұмыскер жұмысқа қайта қабылданды

14/03/2022

Елорданың Есіл аудандық соты М- ның «S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы бұйрық шығаруға міндеттеу, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жалақы төлеуді жүргізуге міндеттеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Өтемақыны өндіріп алу туралы дау сотта шешілді

14/03/2022

Елорданың Алматы аудандық соты К. - ның материалдық залалды өндіріп алу, алынбаған табыс сомасын және моральдық зиянды өтеу туралы жауапкерлер Б. мен З. - ға қойған талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Жүргізуші Б. көлік жүргізіп келе жатып, велосипедшіні қағып кетіп, оның денсаулығына ауыр зиян келтірді. Жауапкер З. жол-көлік оқиғасына ұшыраған көліктің иесі болып табылады.

Қылмыстық істер жөніндегі Байқоңыр аудандық соттың үкімімен Б. кінәлі деп танылып, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіріп, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін сотталды.

Сот мүгедектің құқығын қорғады

14/03/2022

Инвалид первой группы К. обратилась в суд с иском к железнодорожному перевозщику о взыскании компенсации морального вреда и понуждении устранить недостатки.

Бірінші топтағы мүгедек К. моральдық зиянды өтеу және кемшіліктерді жоюға мәжбүрлеу туралы темір жол тасымалдаушысына талап қойып, сотқа жүгінді.