Архив событий

15/03/2022

Қалалық сотта әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өтті

15/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты елорда соттарының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын бұзу фактілерінің алдын алу және болдырмау, әдеп нормаларын қатаң сақтау болып табылады.

Семинар барысында қалалық соттың персоналды басқару бөлімінің басшысы Алтын Тәжімбетова және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ботагөз Баянова баяндама жасады.

Үлескерлердің құқықтары сотта қорғалды

15/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Есіл» ауданы прокурорының «Б» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүддесі үшін проблемалы тұрғын үй кешені бойынша тапсырыс берушілер мен құрылыс салушыға талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Құрылыс салушы нысанның құрылысын 2014 жылы аяқтап, «Б» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелеріне салынған тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді беруге міндеттенді, алайда үлескерлер алдындағы шарттық міндеттемелер орындалмаған.

Татуластырушы судьялардың мемлекеттік қызметкерлерге арналған кезекті дөңгелек үстелі

15/03/2022

2022 жылғы 15 наурызда елордалық әкімшілік соттың татуластырушы-судьялары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 01 шілдеде ҚР жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) қабылдануымен сотта азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында жария-құқықтық дау бойынша татуласу мүмкін болды.

Дөңгелек үстел барысында судьялар татуласу институтын дамыту қажеттігін, сондай-ақ дауларды бейбіт жолмен шешудің артықшылықтарын атап өтті.

Қ.Сатыбалдыұлын күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды

15/03/2022

2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.