Архив событий

29/03/2022

ҚазМЗУ студенттері үшін «Ашық есік күні» өткізілді

29/03/2022

Бүгін М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің 3 курс студенттері Нұр-Сұлтан қаласының сотының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мұражайына келді.

Кездесу барысында ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Б.Е. Ботагөз Баянова ҚР Жоғарғы Сотының тарихи және құқық мұражайы бойынша экскурсия жүргізді, онда ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі ұлттық сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуын бейнелейтін фото - және бейнематериалдар, экспонаттар көрсетілді.

Сотқа дейінгі хаттама жасалғаннан кейін медиативтік келісім бекітілді

29/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "С" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берешекті өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінді.

Сот талап қоюды қабылдағанға және азаматтық іс қозғалғанға дейін тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, татуластырушы судья өткізетін татуластыру рәсіміне қатысуға шақырылады.

Тараптар дауды реттеу бойынша келіссөздерді ұйымдастыруға уақыт беруді соттан өтінді.

Елорда судьялары меморандум аясында өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

29/03/2022

Елорданың қалалық соты мен ауданаралық экономикалық соты Жоғарғы Соттың «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - АХҚО) сотымен және Халықаралық төрелік орталығымен (бұдан әрі - ХТО) ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру мақсатында кездесу ұйымдастырды. Онда азаматтық-құқықтық және коммерциялық қатынастардан туындайтын дауларды шешу кезіндегі бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды.

АХҚО және ХТО сотының қызметкерлері кездесуге қатысушыларды өзара ынтымақтастық аясындағы сот жұмысының регламентімен және аспектілерімен толық  таныстырды.