Архив событий

09/03/2022

Сот тауар белгісіне құқықтарды қорғау туралы қойылған талапты қарады

09/03/2022

Талап қоюшы «М.» ЖК сотқа жүгініп, жауапкер «К.» ЖШС-ның фирмалық атауды заңсыз пайдалануын тоқтатуды және оны фирмалық атауға өзгерістер енгізуге міндеттеуді сұрады.

Сотта анықталғандай, ЖШС-ны құрған кезде талап қоюшыға өзіне тиесілі тауар белгісіне айрықша құқықты жауапкердің бұзғаны туралы белгілі болған.

Қойылған талаптарда талап қоюшының өзіне тиесілі тауар белгісіне айрықша құқығын жауапкердің бұзғаны, соңғының осы ұқсас атауды заңды тұлға болып табылатын өзінің фирмасының атауында заңсыз пайдаланғаны туралы уәж келтірілді.