Архив событий

03/03/2022

Сотқа дейінгі хаттама негізінде сот медиативтік келісімді бекітті

03/03/2022

«А» акционерлік қоғамы  «Т» АҚ-на  51,8 миллион теңге мөлшеріндегі соманы өндіріп алу туралы және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюды міндеттеу туралы талап арызбен Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Татуластырушы судья тараптардың өкілдерімен онлайн кездесу ұйымдастырды.

Тараптар іс қозғалғанға дейін сотқа дейінгі хаттаманы жолдап, дауды реттеу бойынша келіссөздерді ұйымдастыру үшін уақыт беруді сұрады.

Кейіннен сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімді бекіту туралы арыз келіп түсті.

Мерзімінен бұрын қойылған талап

03/03/2022

"Q" АҚ экологияны қолдау жобасын іске асыру аясында кәсіпорындарды технологиялық дамыту мақсатында берілген инновациялық грантты қайтару туралы "А" ЖШС-ға талап арызбен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы соманы өндіріп алу туралы талап қоя отырып, жауапкердің шартты орындау мерзімін сақтамағанын көрсеткен.