Архив событий

02/03/2022

Сот ай сайынғы жарналар сомасын өндіріп алу туралы қойылған талапты қанағаттандырды

02/03/2022

«Ф» мүліктің меншік иелері бірлестігі (бұдан әр - ММИБ)  ай сайынғы жарналар сомасын өндіріп алу туралы ММ-ге талап қойып, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Жауапкер қойылған талаптармен келіспей, ММИБ-мен шарттық қатынастардың жоқ екенін, ешкім қызметтік пәтерлерде тұрмайтынын айтты.

Қаралған азаматтық істер бойынша шолу

02/03/2022

2022 жылғы 31 қаңтар мен 25 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымдар бойынша 464 іс қарады.

Оның ішінде: 430 іс – өзгеріссіз қалдырылды, 19 іс бойынша сот актілері (шешімдері) өзгертілді, 15 істің күші жойылды.

Сот Facebook-тегі жалған ақпарат үшін моральдық зиянның өтемақысын өндірді

02/03/2022

Талап  қоюшы Б. Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының сотына жауапкер А-ның «Facebook» әлеуметтік желіде оған қатысты жариялаған мәліметтерін шындыққа сәйкес келмейді, ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп тану туралы талап қоюмен жүгінген.

Іс материалдарынан жауапкердің «Facebook» әлеуметтік желіде  Б-ның (спорт жаттықтырушысы)  алкогольдік масаң күйінде балалармен жұмыс істейді деген оның жеке басына қатысты ақпараттарды жариялағаны анықталды.