Архив событий

17/03/2022

Судья А. Молдыбаева №26 мектеп-гимназиясында семинар сабағын өткізді

17/03/2022

2022 жылғы 17 yаурызда №26 мектеп-гимназия базасында «Мектеп медиациясы: жұмыс тәжірибесі және даму песрспективасы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Айгүл Молдыбаева, Білім басқармасының, Білім беруді жаңғырту орталығының, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының өкілдері және Нұр-Сұлтан қаласының мектеп директорлары қатысты.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының ережелері мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша сот мамандарына арналған семинар

17/03/2022

2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы МАӘС аға сот приставы Біржан Тәджібаев және бас маманы Сұлтан Манап сот қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтау бойынша семинар өткізді.

Айта кету керек, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жоғары талаптар қояды.

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы аға сот пристав Біржан Тәджібаев баяндап берді.

Елорданың экономикалық сотында дөңгелек үстел өтті

17/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Азаматтық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолданудың өзектілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына соттың татуластырушы-судья Эльмира Ебенбаева, «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының, «Астанаэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сотта азаматтық істерді қарау кезінде татуластыру рәсімдерін қолдану кезінде туындайтын проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасылды, талқыланды.

Қ.Боранбаевты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды

17/03/2022

2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.

       

Сот өтініштің дәлелдерін тиісті түрде тексеруді міндеттеді

17/03/2022

«A» қоғамдық бірлестігі Кіші Талдыкөл көлдері тобы ауданындағы жер учаскелеріндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының заңдылығына тексеру жүргізу  талабымен  мемлекеттік мекемеге жүгінді.

Тексеру жүргізуге мораторийге сілтеме жасай отырып, тексеру жүргізуден бас тартылған.

Бұл жауаппен келіспей, қоғамдық бірлестік сот тәртібімен әрекетсіздікті заңсыз деп тануды және тексеруді тағайындау туралы актілер шығаруға міндеттеуді талап етіп, сотқа жүгінді.

 

Сот шешімі