Архив событий

30/03/2022

Судьялар сақтандыру дауларын сотқа дейін реттеу тәжірибесін талқылады

30/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық соты сақтандыру дауларының алдын-алу және татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы жанжалдарды реттеу мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Оған сақтандыру компанияларының, адвокаттық қоғамдастықтың өкілдері, соттың татуластырушы судьялары қатысты.

Іс-шараны аша отырып, сот төрағасы Нұрбол Шамиев азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы сақтандыру даулары бойынша татуластыру рәсімдерін танымал етудің және қоғамдағы жанжалдар деңгейін төмендетудің қажеттілігін атап өтті.