Архив событий

16/03/2022

Қалалық сотта семинар сабағы өткізілді

16/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Судьялар одағы филиалы «Наурыз» көктем мейрамына орай қазақтың ұлттық дәстүрлі ойыны «Тоғыз құмалақты» үйрену мақсатында семинар сабағын ұйымдастырды.

Дәрісті жүргізу үшін «Дара» Бизнес Академиясының оқытушысы Сандыбай Касымханов шақырылды.

Сабақ барысында ұстаз тыңдаушыларға тоғыз құмалақ ойынының шығу тарихын, бұл ойынның адамның ойлау қабілетін жақсартуға, ақыл-ойын дамытуға пайдасы туралы айтып, оны ойнау тәсілін үйретті. 

Іс-шара соңында қатысушылар өткізілген сабақ үшін алғыстарын білдіріп, ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.

Экономикалық сот төрағасы студентерге арналған дәріс өткізді

16/03/2022

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Жандос Жетібаев «Дауларды балама жолдармен шешу» пәні аясында М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде Құқық жоғары мектебінің 3-ші курс студенттеріне дәріс оқыды.

Дәрісте дауларды балама жолдармен қараудың ұғымы мен белгілерін, артықшылықтары мен ерекшеліктерін, сондай-ақ, шетелдерде дауларды балама жолдармен шешудің даму тарихы мен қазіргі жағдайын көрсетті.