Сот Қ. Сатыбалдыұлына және басқа тұлғаларға қатысты іс бойынша үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 26 қыркүйекте Астана қаласының №2 Байқоңыр аудандық соты Қ.Сатыбалдыұлына, М.Мұхамбеджанұлына, Г.Бекетовке қатысты «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі - КСО) мүлкін талан-таражға салу және Қ.Сатыбалдыұлына, Ч.С.Қоңырбаевқа, Л.А.Муравьевқа қатысты «Қазақтелеком» АҚ-на (бұдан әрі - КСО) мүліктік залал келтіру фактісі бойынша айыптау үкімі жарияланды.

Кейбір БАҚ-тар Қ.Сатыбалдыұлының қаңтардағы қақтығысты ұйымдастыруға қатысы бар деп атап өткен болатын. Тергеу органдарымен осы бөлікпен айыптау ұсынылмады.

Айыптау

Іс материалдарынан анықталғаны, 2018-2022 жылдар аралығында Қ.Сатыбалдыұлы АҚ-ның президенті – Г.М.Бекетовпен және директорлар кеңесінің төрағасы М.Мұхамбеджанұлымен орындаушылар ретінде алдын ала сөз байласқан АҚ-ның басшы қызметіндегі лауазымды тұлғалардың қызметтік бабын пайдалана отырып, АҚ-ның ақшалай қаражаттарын сотталғандармен бақылаудағы компаниялармен жалған шарттар жасау арқылы шығарып, КСО-ның ақшалай қаражатын талан-таражға салу жолымен жымқыруды ұйымдастырған.

Сөйтіп, Қ.Сатыбалдыұлы, М.Мұхамбеджанұлы, Г.М.Бекетов КСО-ға 28 млрд.теңгеден астам соммаға аса ірі көлемде материалдық залал келтірген.

Сондай-ақ, 2018 жылдан 2022 жылдар мерзім аралығында Қ.Сатыбалдыұлы  АҚ-ға телекоммуникация қызмет көрсетуін қайта сату және АҚ-ға ««Qaztelcom.kz» ЖШС - бақылаудағы бірегей бір жеткізуші арқылы  байланыс каналының көтермеленген бағасымен жалға тапсыру, абоненттік төлемді есептемей байланыс каналын қосу жолымен, АҚ-ның корпоративті бизнес дирекциясының директоры – Л.Муравьев және Ч.Қоңырбаевпен алдын ала сөз байласқан тобымен бірге АҚ-нің мүлік иесіне сенімді теріс пайдалану жолымен  және жымқыру белгісі жоқ алдау арқылы мүліктік залал келтіруді ұйымдастырған.  

Сөйтіп, Қ.Сатыбалдұлы, Ч.Қоңырбаев пен Л.Муравьев АҚ-ға 12 млрд.теңгеден астам материалдық залал келтірді.

Сотта анықталғаны

Қ.Сатыбалдұлы, М.Мұхамбеджанұлы, Г.Бекетов, Ч.С.Қоңырбаев, Л.А.Муравьевтің кінәсі аудиторлық есептерпен, куәларды сұрау хаттамаларымен, мамандардың қорытындыларымен, зайттай айғақтармен, өзара есептесу бойынша бухгалтерлік құжаттармен, құжаттық тексеру актілермен, АҚ мен сотталғандармен бақылаудағы компаниялар арасындағы шарттар және оларға қосымша келісімдермен, шегерім ұсыну туралы өкімдермен, орындалған жұмыстың актілерімен расталды.

Сотта сотталушылар кінәларын толық көлемде мойындады.

КСО-ның мүлкін талан-таражға салу фактісі бойынша 28 млрд.теңгеден астам көлемдегі залал соммасы толық өтелді.

АҚ-ға мүліктік залал келтіру фактісі бойынша 12 млрд.теңгеден астам көлемдегі залал толық  өтелді.

Сот отырысы барысында жәбірленушілер мен сотталушылардың арасында медиатівтік келісімдер жасалды, алайда жәбірленушілер өздерінің құқықтарын пайдалана отырып, келісімдерден кейін бас тартты.

Іс келісу өндірісінде қаралғандықтан, сот медиативтік келісімге баға берген жоқ. Сонымен қатар, қылмыстық істі қарау барысында сотта прокурор мен сотталушылардың арасында кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалып, оған жәбірленушілер де қол қойды.

ҚПК-тің 622 бабына сәйкес сот процессуалдық келісім  барлық сотталушылармен жасалған жағдайда істі келісу өндірісінде қарайды.  

Бұл ретте сот процессуалдық келісімде көрсетілген жазадан қатаң жаза тағайындай алмайды.

Прокурор процессуалдық келісімді ескеріп, сотта Қ.Сатыбалдыұлына қатысты 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер азаматтық талап қоюларды қараусыз қалдыруды сұрады.

Жаза

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуын және жазаны ауырлататын мән-жайлардың болмауын, қылмыстық құқық бұзушылықты ашудағы белсенді рөлді,  кінәні мойындауды, залалдың өтелуін,  барлық сотталушылардың жеке басын, ҚК-тің 55 бабының 3 бөлігінің талаптарына сәйкес Қ.Сатыбалдыұлының белсенді рөлін және басқа қатысушылардың қосалқы рөлін ескеріп, процессуалдық келісіммен келісіп, келесідей жаза тағайындады:

- Қ. Сатыбалдыұлына – мүлкі тәркілене отырып, 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол сондай-ақ, арнайы шен мен мемлекеттік наградаларынан айырылды.

- М.Мұхамбеджанұлы мен Г.Бекетовке – шартты түрде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

- Ч.Қоңырбаев пен  Л.Муравьевке – шартты түрде 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

М.Мұхамбеджанұлы, Г.Бекетов, Ч.Қоңырбаев пен Л.Муравьевке басшылық лауазым атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қаласының №2 Байқоңыр аудандық соты