Бомба туралы жалған хабарлама жіберген адам сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты 2022 жылғы 1 шілдеде терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша Т. - ға қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК-нің 273-бабы).    

Сотта мына мән-жайлар анықталды:

Т. көршісінің үнемі тыныштықты бұзуына байланысты, 2022 жылдың қаңтарында оның атынан бомба қойылғаны туралы хабарлау арқылы кек алуға шешім қабылдады.

Т. нөмірі бар ұялы телефон сатып алып, оны көршісінің атына тіркеген және электрондық почта ашқан. 31.03.2022 жылы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына», «Алматы қаласының халықаралық әуежайына», «Lexus Astana», «Мусаг» автосалондарына, «Хан Шатыр», «Abu Dhabi Plaza», «Mega Silk Way», «Mega Park» сауда – ойын-сауық орталықтарына, «Ренко» мекемесіне, «Меga Alma-Ata» ойын-сауық орталығына «Сіздерде бомба қойылған» деген хат жіберген.

Т. жауапкершілікті көршісіне жүктеу үшін ол келетін уақытта ұялы телефонды оның пәтерінің қасындағы баспалдаққа қалдырып кеткен. Телефонды көршісінің кәмелетке толмаған қызы тауып алып әкесіне берген. Ол оны пәтерінде сақтаған.

Т.-ның заңсыз әрекеттері азаматтардың тыныштығын бұзуға, объектілерді эвакуациялауға, сондай-ақ ұшақтардың ұшуының кешігуіне әкеліп соқты.

Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінді. 

Сот үкімімен Т. 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты