Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Астана қаласы әкімдігінің «Х» ӨАБ-не жер учаскесін мәжбүрлеп иелігінен шығаруға талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдарынан жер учаскесі әкімдіктің қаулысына сәйкестексеру, іздеу жұмыстарын, жылу магистралдарының  жобалауын жүргізу үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алуға жататыны белгілі болған.

ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 64-бабына сәйкес, жауапкерге сатылу құнының мөлшерінде жеке меншік құқығындағы  оған  тиесілі жер учаскесінің мемлекет мұқтажы үшін  мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама берілген.

Сондай-ақ өтемақы төлеу туралы ұсыныс жасалған. Жауапкермен сатып алынатын жердің бағасына келісілмегендіктен жергілікті атқарушы орган жер учаскесін иеліктен мәжбүрлеп шығару үшін сотқа  жүгінген.

Сот шешімімен жауапкерден  38 061 000  теңге ақшалай өтемақы төленуімен жер учаскесі алынған.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі