Тараптардың ұрлық туралы қылмыстық іс бойынша татуласуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сот, 2015 жылғы 10 наурызда сотталушы жануарлар дүкенінде болған кезінде 26 000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат ұрлаған.

Сотталушы ол жасады деген қылмысты жасағанын мойнындады.

Бас сот талқылауы барысында жәбірленушіден тараптардың татуласуына және материалдық және моральдық залалдың орны толтырылуына байланысты сотталушыға қатысты ұрлық жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат келіп түсті.

Алматы ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен сотталушы тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі