Сәулет саласында, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі бұзушылық үшін жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қаралды.

«Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы» ММ «Шаштаразға пәтерлерді қайта құру және қайта жоспарлау» объектісін тексеру нәтижесінде мемлекеттік нормативтік актілерде және қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы басқа нормативтік құқықтық актілерде көзделген талаптардың бұзушылығын анықтады. Нақты айтқанда, тапсырыс беруші бақылауды жүзеге асырушы органды хабарландырусыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген.

Сот, құқық бұзушыны әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған  заттарын және (немесе) құқықтарын тәркілеуінсіз, олардың жоқ болуына байланысты, мемлекет үлесіне 29 730 теңге сомасында айыппұл түріндегі жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарды. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі