Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  іс қаралды, онда объектіні тексеру барысында  «Жеке тұрғын үйді қайта жаңарту кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» саласындағы құқықтық актілерінің талаптары бұзылғаны анықталған. Құқық бұзушы құрылыс - жөндеу жұмыстарын мемлекеттік  сәулет–құрылыс  бақылау органын хабардар етпей жүргізген.

Құқық бұзушының әрекеті ӘҚБК-ның 463-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылған және 29 730 теңге сомасында айыппұл салу түріндегі жазалауға тартылған.  

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі