Соттың өзге де мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл процесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін  Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Соттың өзге де мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл процесі» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық соттың судьялары, полиция капитаны Д.Тоқатов, прокурордың көмекшісі Б.Шералин қатысты.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл процесі туралы мәселе талқыланды. Сонымен бірге, қылмыстық істерді және қоса тіркелетін құжаттарды және қылмыстық қудалау органдарының заттай айғақтарын жинау тәртібі мен сапасы туралы  мәселе талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай отырып, қатысушылар соттардың және мемлекеттік билік органдарының жұмыс сапасын жақсарту үшін өз пікірлері және ұсынымдарымен алмасты.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі